Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Тазалық - денсаулық кепілі!

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Н.Тұрғановтың ағымдағы жылдың 9 қазандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес облыстың барлық аудандарында сенбілік ұйымдастыру тапсырылған болатын.
Аталған шара шеңберінде өткен аптада ауданымыздың ауыл және селолық округтерінде сенбілік өткізілді.
Өткен сенбілікке 109 мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, серіктестіктер, шаруақожалықтар белсенділік көрсетті.
Жалпы өткен сенбілікке 4 мың 800-ден астам аудан тұрғындары жұмыла қатысты. Сонымен қатар ақылы қоғамдық жұмысшылар қатарынан 67 адам тартылды.

Сенбілік күні ауданымыздың жалпы орта білім беру мектептерінің, аудандық№13 агро-техникалық колледжінің ұжымдары, ауданымыздың жастары өз үлестерін қосты.
Сенбілік шеңберінде ауыл және селолық округтерде 2,5 мың шамасында түптер отырғызылып, 945 тал-шыбықтың және бұтақтың күзгі өндеуі өткізілді. Электр тіреулердің және жиектастардың әктеуі жүргізілді. Саябақ және тыңбақтардың ішіндегі 17 ескерткішпен обелисктер мен олардың алаңдары жиналды. Абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары кезінде 1 мың 600 тонна көлемінде қоқыс елді мекен сырттарына шығарылды. Жалпы аудан бойынша аталған іс-шараға әр ұйымдардан 49 бірлік техника қатысты. Ауыл шетіндегі заңдастырылмаған қоқыс орындары тиеуіштермен жиналып, ауыр жүк машиналарымен, тракторлармен шеткешығарылды.
Осындай санитарлық және көріктендіру жұмыстары, алдағы уақытта таза жұмалық күндері жалғасын табады.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala