Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Тағайындау

АманжоловаАудан әкімінің 20 қазан 2014 жылғы №1-212-Өөкімімен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Аманжолова Маржан Уалиханқызы тағайындалды.
Маржан Уалиханқызы 1974 жылы Павлодар облысы Ермак қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын кітапхана тану мамандығы бойынша және Павлодар университетін психология магистрі академиялық дәрежесімен тәмамдаған.
Жұмыс жолын Ермак қаласының №1 орта мектебінің лаборанты болып бастаған. Соңғы жұмыс орны Ақсу қаласы әкімі аппаратының бас маманы.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala