Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Май ауданының атқарушы органдарының 2014 жылда атқарылған жұмыстары және 2015 жылға жоспарланған шаралары бойынша есептік жиналысы өтті

Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімі Бегзия Ысқақованың төрағалығымен Май ауданының атқарушы органдарының 2014 жылы атқарылған жұмыстары және 2015 жылға арналған жоспарлары бойынша есеп жиналысы болып өтті.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы бөлім басшысының міндетін атқарушы Алибек Айдаргазин баяндады.

Май ауданы бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына қарасты кіші және орта бизнес субъектілерінің саны 483 құрайды. Жұмыс салалары бойынша қолданыстағы субъектілердің санынан

төмендегіше бөліп берген: ауыл шаруашылықпен шұғылданған саны 139, көлік қызметтері және байланыс – 48, саудамен айналысатындар саны – 144, қоғамдық азықтану – 7, көрсетілетін қызметтер саласында объектілер – 81.

2015 жылдың қаңтар айына аудан бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 27684 бас, қой-ешкі – 91496 бас, жылқы – 12981 бас, құс – 12632 бас.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша аудан көлемінде 43,5 млн. тенге алынды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы қатысты, 28 420 мың тенге сомасына 105 бас жылқы сатып алынды.
Аудан бойынша 2014 жылы егістік көлемі 2756 га құрады.
Келесі кезекте атқарылған жұмыстар бойынша ветеринария бөлімінің басшысы Ерғанат Ахметов мәлімдеді.
2014 жылы ауыл шаруашылық малдарының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық профилактикалық іс-шаралары мен диагностикалық тексеру жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 40 млн 610 мың теңге қаражат бөлінген. Жоспарға сәйкес аудан бойынша төмендегідей сақтандыру шаралары атқарылды. Құтырыққа қарсы 5000 бас ірі қара,4500 қой,1000 жылқы, 1000 ит, лептоспироз ауруына қарсы 3500 бас ірі қара, 3000 қой, 6700 жылқы, листериозға қарсы 800 ірі қара, 3000 қой,пастерелезға қарсы 4000 ірі қара,7500 қой,100 жылқы, сібір жарасына қарсы 27500 ірі қара,70000 қой,9500 жылқы, брадзотқа қарсы 1800 қой,қой шешегіне қарсы 3000 бас, құс тұмауына қарсы 8800 ұй құстары, қарасанға қарсы 17000 бас төрт жасқа дейінгі ірі қара малдары егілді. Сонымен қатар осы жұмыстармен 1600 итке эхинококкоз ауруына қарсы дегельминтизациялау жұмыстары жүргізілді, аллергиялық жолмен түберкүлезге қарсы 48000 бас ірі қара мал, аллергиялық жолмен маңқаға қарсы 9500 бас жылқы тексерілді.
Аудандық бюджеттен қаңғыбас және иесіз иттерді жоюға 1200000 теңгеге «Май ауданының ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынымен келісім-шарт жасалынып 694 қаңғыбас ит жойылды.Жыл сайын бөлінген қаражат өсуде.2013 жылда 1130000 тенге,2012-602000 тенге бөлінген.
2014 жылға атқарылған жұмыстары бойынша есебімен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еңлік Тайшыбаева ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді айналымға бұдан әрі енгізу жұмыстары, ауыл шаруашылығындағы мақсатындағы жерлерін тиімді пайдалану, жерлерді бағалап аймақтандыру және жер қойнауын пайдалану туралы баяндады.
2014 жылдың нәтижелері бойынша есеп мәжілісін Май ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арслан Қалиакпаров баяндамасымен тәмәмдады.
Есеп жиналысының қорытындысы бойынша аудан әкімі орынбасарларына, ауыл әкімдеріне және бөлім басшыларына күн тәртібіне сәйкес тапсырмалар беріп, күнделікті бақылауда ұстауын тапсырды.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala