Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

«Жайдарман – 2015» «Ғажайыптар әлемі»

Сәуір айының 1 күні аудандық мәдениет үйінде сағат 11.00 де «АРМАНДАСТАР» жастар орталығы аудандық оқушылар үйімен бірлесіп, күлкі күніне орай аудандық «Жайдарман-2015» «Ғажайыптар әлемі» тақырыбымен мектеп оқушылары арасында әзілкештер мен көңіл тапқырлар сайысы өткізілді.
Бұл аудандық шараға селолық округтерден жеті команда қатысып сайысқа түсті, ойын ережесі бойынша үш кезеңнен тұрды.

Ең алдымен сәлемдесу, үй тапсырмасы және соңғы кезең фото ширатумен аяқталып, ойын өте қызықты, тартысты өткізілді. Әділ қазыларының әділ баға берулерімен бас жүлдені Көктөбе орта мектебінің «Бамбадам» командасы қанжығасына байлады. Бірінші орынға ие болған Кеңтүбек орта мектебінің «Джуниорс» командасы. Екінші орынды Саты орта мектебінің «Қамшылат» командасы жеңіп алды. Үшінші орынға табан тіреген Май орта мектебінің «Май жұлдыздары» командасы. Белсене қатысқандары үшін Қазан орта мектебінің «Ұнамаса қарама», Аудандық оқушылар үйінің «Шоколадный мармелад», Қазақстан орта мектебінің «Өзіміздің жігіттер» командалары марапатталды.

«АРМАНДАСТАР» жастар орталығы

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala