Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

2015 жылдың ҰБТ қорытындысы

Түлектер мен ата-аналарды айлар бойы алаңдатқан ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны Май ауданы үшін сәтті аяқталды. Ұлттық бірыңғай тестілеу    4 маусым күні әдеттегідей Ақсу қаласының ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктісінде өткізілді. Биылғы 2014-2015 оқу жылында аудан бойынша жалпы орта білім алушылар саны -62, оның ішінде ҰБТ-ға қатысқаны -45 -ол 72,58 % құрайды (2014 жылы-70,12%)  аудан бойынша түлектердің  орташа ұпайы  82,93 құрайды (2014 жылдың орташа балы - 76,37).


Аудан бойынша ең жоғарғы   ұпайды көрсеткен мектептер: Қазақстан  ОМ (директоры Р.К. Байкежанова) – 96,25 ұпай, Жалтыр ОМ (директоры А.К. Жаныгулова) – 96 ұпай (2014 жылы – 83 ұпай көрсеткен), Қазан ОМ  (директоры  Н.К. Кисамиденова) – 93 ұпай (2014 жылы – 80,60 ұпай көрсеткен). Сондай-ақ, аудандық көрсеткіштен жоғары көрсеткен мектептер қатарындай Май ОМ (директоры А.О. Нургожина) – 88,40 ұпай (2014 жылы 79,5 ұпай көрсеткен),    Малайсары  ОМ (директоры Г.Р. Ибраева) – 86,70 ұпай (2014 жылы – 77,5 ұпай қөрсеткен),    Аудандық  көрсеткіштен сәл төмен көрсеткен Саты ОМ (директоры З.С. Кожина)- 82 ұпай (2014 жылы 72 ұпай көрсеткен),     Е. Мұқашев ат. ОМ (директоры А.Т. Куандыков) -     82 ұпай (2014 жылы 75,3 ұпай көрсеткен), Қаратерек, Көктөбе, Майтүбек ОМ  түлектері білімдерін 78-77 ұпай аралығында көрсетті.  
 Биылғы жылы жалпы орта білім туралы «Алтын белгі»  және үздік аттестаты  үміткерлерінің ішінен   Қазақстан ОМ түлегі Сакенов Сағидолла өз білімін  123 ұпай аралығында көрсетіп, «Алтын белгі» иегері болды. Сондай-ақ,  аудан бойынша  100 ұпай және одан  жоғары көрсеткен  6 түлек. Олар:  Қазан  ОМ түлегі  Уалиева Айгерім  - 112 ұпай, Көктөбе  ОМ түлектері Жағыпар Әмина -104, Нұрмұхан  Айгерім – 103 ұпай, Май ОМ түлегі Ахмедиева Алуа – 102 ұпай, Е. Мұқашев ат. ОМ түлегі Тлеубекова Дамели – 102 ұпай  және Көктөбе ОМ түлегі Нургалиева Жұлдыз – 100 ұпай.  (2014 жылы 4 түлек болды).
Ерекше қуантарлық жағдай бірде-бір оқушы «қанағаттанарлықсыз» баға алған жоқ.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala