Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

ХАЛЫҚТЫҢ ҚУАТЫ-ТІЛІНДЕ

23.09.15Ағымдағы жылдың 16 мен 22 қыркүйегі аралығында Малайсары ЖОББМ Тілдер айлығын өткізу жоспарына сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.


Тілдер айлығы мектеп қабырғасында салтанатты түрде ашылды. Көптен күткен мерекемен барша жиналған қауымды мектеп директоры Г. Ибраева құттықтап, мектеп қабырғасында білім алып жүрген оқушыларға білімдері жүйрік болуын тіледі. Бұл күні мектеп оқушылары «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты сынып сағатының куәгерлері болды. Айлық аясында 5-11 сынып оқушылары арасында «Үштұғырлы тіл болашағы» атты шығармалар сайысы ұйымдастырылды.
5-7 сынып оқушылар арасында өткен алғырлардың «Тіл тірегіміз-соғып тұрған жүрегіміз» сайысында үш тілді жетік меңгерген оқушылар бақтарын сынады.
Көптілділік те ұмытылған жоқ, себебі бірнеше тілді білу – бізге әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүріне жақын болуға мүмкіндік береді. «Ана тілі-білімнің кілті» тақырыбында өткен сынып сағаттарында оқушылар оқып, тоқығандарын ортаға салып, білім жарыстырды. Сонымен бірге әртүрлі тілде әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.   
«Халық достығы-ел тыныштығы» тақырыбында өткен дискотекалық ойынға 5-11 сынып оқушылары қызыға қатысып, мақал-мәтел, жұмбақтар айтып жарысты.
«Үш тілдің патшасы» тақырыбында өткен мәнерлеп оқу сайысына жоғары сынып оқушылары белсене қатысты. Сайысты тілдің пайда болуы, әр адам үшін туған тілдің маңызы, оған қамқорлық жасау қажет екені жөніндегі мәселелер қарастырылды. Іс-шара барысында мектеп ұстаздары қатысқандардың ұлттық құрамы туралы сауалнама жүргізді.  Бұдан басқа мектеп кітапханасында ақын-жазушылардың, философтарды тіл туралы айтқан ойлары ортаға салынып, шығармашыл жастар өздерінің де нақыл сөздерін жазу бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде оқушылар ғалымдардың, жазушылардың, философтардың әртүрлі тілде айтқан ойларын жинастырып, жинақ құрастырып, аталған құралдың тұсаукесерін жасау керек деген қорытындыға келді.  
Әр түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен бірлігін көрсететін «Халықтың қуаты-тілдің қуаты» атты жәрмеңкеден кейін мектеп оқушылары «Қазақстан-ортақ шаңырағымыз» атты патриоттық флеш-мобты ерекше белсенділікпен орындады. Тілдер мерекесінің жабылуында ең белсенді қатысқан оқушылар мен сынып командалары мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тілдер айлығының барлық қатысушылары түйген ортақ ой: бұндай іс-шараларды өткізу -  тілдерді үйренуге деген қызығушылықты оятады, дүниетанымды кеңейтеді.    
МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala