Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Отбасы-тәрбиенің басты ұясы


Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Өйткені бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана.Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді.

Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасыОтбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.


ҚР бірқатар заңнамаларында ата-атаның бала тәрбиесіндегі міндеттері және өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Неке және отбасы туралы Кодексінде (26.12.2011ж.) 70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
      2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.
      Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
      Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
      3. Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.   

    
 71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен  мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
      2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
      Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.

      Білім туралы ҚР Заңында (27.07.2007ж.) 49-бап. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

  1. Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдай жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғынынан қалыптастыруды қамтамасыз етуге;
  2. Балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;
  3. Білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
  4. Білім беру ұйымдарының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті.

Ата-аналық міндеттердің орындалмаған жағдайда ата-ана немесе өзге де заңды өкілдер міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Жауапкершіліктің салыстырмалы түрде ең жеңіл түрі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде қарастылған.
127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы  
      1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –
      7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Осындай жауапкершілікке Май ауданы ІІБ-мен Саты ауылының тұрғыны азаматша Л.Г.Б. және Көктөбе ауылының тұрғыны азаматша А.В.Н. қатысты ҚР ӘҚтКо 127-бабы 1тармағы бойынша хаттама толтырылып, Май аудандық сот үкімімен 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (13874 теңге) айыппұл салынды.
Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек.

Май ауданы ІІБ ӘПБ
ювеналды полиция тобы инспекторы                        Абдугаликова А.Қ.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala