Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

«Станоктар әлемі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі грант ұтып алды1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудан әкімі Б.Ысқақова Көктөбе ауылындағы «Станоктар әлемі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты шеберханада болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кәсіпкерлік нысанының аяқ алысы мен жеткен жетістіктеріне оң баға берді.
Жуырда «Станоктар әлемі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен болған инновациялық жобалар байқауына қатысып, 170 үміткер ішінде іріктеліп алға шыққан 12 кәсіпкер ішінде серіктестік директоры Ұзақ Мәдениет 3 миллион теңге көлемінде қаржылай грант иегері атанды. Он екі қатысушының 11-і Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларынан, ал ауылдық өңірлерден тек Май ауданынан «Станоктар әлемі» ЖШС осындай марапатқа лайық деп танылды.

Кәсіпкерлік саласында алғашқы қадамдарын «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы несие алып, автокөлік жөндеу шеберханасында техникалық қызмет көрсету ісінен бастаған Е.Тайшыбаев 2012 жылы өз бағытын өзгертіп, кірпіш шығаратын құрылғылар жасау ісіне бет бұрды.
Қазіргі уақытта «Станоктар әлемі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, оның директорлығы міндетін Мәдениет Ұзақ есімді жас кәсіпкер атқаруда. Отбасылық бизнес көзіне айналған кәсіптерін дамытып, бүгінгі күнде арнайы сайт ашылып, еліміздің түкпір-түкпірінен тапсырыстар қабылдануда. Қазіргі уақытта шеберханада 3 адам еңбек етуде. Дәнекерлеушілер айына 160 мың теңгеге дейін еңбекақы алады. Табыс мөлшері берілген тапсырысты орындауға байланысты анықталады. Кірпіш шығаратын станоктардың 10-нан астам түрін шығарған шеберхана жұмысшылары престеуші құрылғы жасауды бастады, яғни салмағы аз, бірақ көлемі үлкен заттарды тығыздап, үлкен күшпен қысуға бейімделген құрылғыларға сұраныс көп.
Алдағы уақытта лего кірпіштер шығаратын құрылғылар жасап шығаруды мақсат тұтып отырған «Станоктар әлемі» ЖШС шеберхана ғимаратын кеңейтуді көздеуде.
Қазақстан аумағы бойынша тапсырыстарды тегін жеткізіп беруді өз міндеттеріне алған кәсіпкерлік нысаны станоктарды жеткізіп беруде жүк тасымалдаушы компанияларды жалдайтындығын айтты, ал кішігірім тапсырыстар «Қазпошта» мекемесі арқылы жүзеге асады.
Өкінішке орай шеберхана өнімдеріне аудан аумағынан тапсырыс берушілер жоқ десе де болады. Қазіргі шақта құрылыс жұмыстарына ауадай қажет кірпішті жасап шығару шағын бизнес көзіне айналар еді. Халықты озық технологияларды пайдалана отырып, өз ісін ашуына жәрдемдесуге, ақыл-кеңес беруге әрдайым дайын екендігін айтады серіктестік директоры Ұзақ Мәдениет.
Алдағы уақытта Еуропа елдерінде үлкен сұранысқа ие лего кірпіштер жасайтын құрылғылар жасап шығару серіктестіктің басты мақсаты екен. Шеберханада жұмыс күші жеткіліксіз. Дәнекерлеуші мамандар болса жұмысқа қабылдауға әзір екендіктерін айтты.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala