Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Елбасының жаңа дәстүрлі Жолдауы алдымызға жаңа міндеттер қойды

30 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға кезекті дәстүрлі Жолдауын жариялады. Көпұлттық халықтың күткен маңызды құжаты бұл жолы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» деп аталды.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын аудан әкімі Б.З.Ысқақова бастаған, аудандық мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутатттары, ауыл және селолық округ әкімдері аудан әкімдігінің мәжіліс залында тікелей эфир арқылы тыңдап, тамашалады.

Жолдау жарияланғаннан кейін аудан әкімі Б.Ысқақова аудан активіне Елбасының Жолдауын жан-жақты зерделеп, одан соң алдағы уақытта Жолдаудағы негізгі қойылған мақсат-міндеттерді жедел түрде халық арасында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, насихаттауды тапсырды және осы жұманың аяғында аудан орталығында кең көлемді Жолдауды талқылау жиынын ұйымдасырылатындығын айтты.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala