Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы

Май ауданының әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 маусымдағы «Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы типтік ережені бекіту туралы» № 789 Қаулысын басшылыққа ала отырып 2016 жылғы ақпан айының 17 күні аудан әкімінің орынбасары Мадина Қабзайытқызы Құсайынованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы А.С. Уайханованың кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның 2015 жылғы жұмысының қорытындысы туралы, аудандық білім беру бөлімінің басшысының Г.Р. Ибраеваның кәмелетке толмағандар арасында суицид фактілерін алдын алу бойынша мектеп ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстың жай-күйі туралы, аудандық орталықтандырылған ауруханасының емхана меңгерушісі Т.Қ. Кәрімованың жасөспірімдер арасындағы ерте жүқтілікке шалдыққандарға қарсы профилактикалық жұмысы туралы, сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция тобының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы А.Қ. Абдугаликованың кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстылықтың, құқық бұзушылықтың, қадағалаусыздық пен панасыздықтың 2015 жылдағы жай-күйі және алдын алу шаралары туралы ақпараттары тыңдалды. Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы проблемалық сұрақтар талқыланып, оның шешу жолдарын табу көзделді.
Комиссия төрағасы М.Қ. Құсайынова, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын одан әрі жетілдіру, ауыл және селолық округ әкімдеріне қолайсыз отбасыларға қатысты үнемі қатаң бақылауға алып, ФАП, ауылдық дәрігерлік амбулаториясымен бірлесіп жасөспірімдер арасындағы ерте жүқтілікке шалдыққандарға қарсы профилактикалық жұмыстары жүргізіліп, жастар орталығымен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар жүргізілуі туралы тапсырма берді. Осыған орай, таяу уақытта комиссия мүшелерімен ауылдық округтерге және ауылдарға шығу кестесі бойынша бірлескен рейдтік жұмыстары ұйымдастырылып отыр.

А.С. Уайханова
Май ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия хатшысы

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala