Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Біртұтас Жалпы Қоғам

Мемлекетімізде жүргізілетін осы институционалды рефор­малардың басты мазмұны – елді біріктіруші құндылықтарды негіз еткен «Мәңгілік Ел» идеясы. «Мәңгілік Ел» идеясы аясында қоғамда жаңаша идеологиялық сана қалыптастыру қажеттілігі туындауда.

Елді біріктіруші құндылықтар дегеніміз – әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру, білім алу, еңбексүйгіштік, зайырлылық пен төзімділік, адамшылық, иман­ды­лық. Елбасы «Елді біріктіруші ортақ құндылықтарды этностық мінез-құлық модель­дерінен жоғары қоюға қол жеткізуіміз керек» деген болатын. Азамат­тық қоғам да осындай ортақ адам­заттық құндылықтарға сүйе­не құрылуы қажет. Осы ретте «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген данышпан хакім Абайды тыңдағанымыз жөн.

Мұндағы басты идея – еліміз­дегі ұлттарды біріктіретін ортақ, біртұтас болашаққа қадам басу. Қазақ халқы мемлекетті құраушы ұлт ретінде «Біртұтас болашақ» идеясы аясында өз айналасына өзге ұлт өкілдерін топтастырып, бірлікке шақыруы, болашаққа бірге жоспар құруды үйлестіруі қажет.

 

Май аудандық

әділет басқармасының басшысы А.Сәлменова,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala