Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

«Қазақтың Олжасы – әлемнің Олжасы» атты әдеби кеші

12Аудандық кітапханада Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, Қазақстанның Еңбек ері, мемлекет қайраткері – Олжас Сүлейменовтың 80 жылдығына арналған «Қазақтың Олжасы – әлемнің Олжасы» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кешке аудан орталығының зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, «Невада - Семей» қозғалысының ардагерлері, жастар мен жасөспірімдер қатысты.
Әдеби кеште ақынның өлеңдері оқылды, О.Сүлейменовтың «Волчица» өлеңіне жазылған әннің бейнеролигі көрсетілді. Ақынның өзі оқыған өлеңі тыңдалды.

12Аудандық «Невада - Семей» қозғалысының төрайымы Абылқасова Күләш Тастемірқызының Май ауданында антиядролық қозғалыстың қалай өткені туралы естеліктерін тыңдады. Абылқасов Алтынбек Бектұрұлының жеке архивінен алынған фотолардан слайдтар көрсетілді.
Ақынның жалынды өлеңдері туралы жергілікті ақын, «Невада - Семей» қозғалысының ардагері Сапаров Ғабит Көпжасарұлы әңгімеледі және қаламгердің шығармаларын оқиды. Ақынның әйгілі «Аз и я» кітабы туралы кітапханашы Т.Шоманова әңгімеледі.
Кеш соңында аудандық маслихат хатшысы Ғ. Арынов Олжас Сүлейменовтың Семей ядролық сынақ полигонын жабылуында атқарған еңбегі үшін аудан халқы әрқашан риза болатынын айтты.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala