Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

ЖИЫРМА ТӘУЛІККЕ КАМАУ ТҮРІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК ЖАЗА СОТПЕН ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 6 бөлігі бойынша жүргізуші  В-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.

          Іс материалдарына сай: 2016 жылы 02-ші тамызда мас күйінде бола тұра, және көлік жүргізу куәлігі болмауына қарамастан «мототранспорт» атты мотоцикілді Май ауданы Малайсары ауылында басқарған.

          Сот отырысында  құқықбұзушы  В., кінәсін толық мойындады . 

          Сот қаулысымен В. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған  20 (жиырма) тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тағайындалды.

          Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala