Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Май аудандық соты хабарлайды

«Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді


20161117 155652Май аудандық сотында «Қылмыстық қудалауы жеке тәртіпте жүзеге асырылатын арыздарды сотқа жолдау тәртібі мен өзекті мәселелері және жекеше айыптау істерінің сотта қаралу ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелге» аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенова, аудан прокурорының көмекшісі С.Жакубаева, жергілікті полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» шеңберінде қылмыстық қудалауы жеке тәртіпте жүзеге асырылатын арыздарды сотқа жолдау тәртібі, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын тәжірибеде қолдану, осы бойынша туындайтын мәселелер және жекеше айыптау істерінің сотта қаралу ерекшеліктері, дәлелдемелерді жинау және сот-медициналық сараптамасын тағайындау кезінде кездесетін қиындықтар туралы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова 2016 жылдың 10 айында қаралған жекеше айыптау істері бойынша статистикалық мәліметтерді баяндады.
Басты назар жекеше айыптау істерін қарауда қылмыстық процестік кодексінің нормаларын дұрыс қолдану, ішкі істер бөлімінің басшылығының жеке түрде қарау үшін арыздарды сотқа жолдауда оның заңдылығы мен негізділігін қатаң бақылауға алу қажеттілігіне аударылды.
«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша қатысушылар өз ұсыныстарын келтіріп, ортақ шешімге қол жеткізді және бұл жиынның алдағы уақытта тәжірибеде зор септігі болатынын атап өтті.

Ата-аналық құқығынан шектеу және айыру

20161117 160238Май аудандық сотымен «Май аудандық білім беру бөлімі» ММ-ң азаматша А-ның ата-аналық құқығынан шектеу және азамат А-ны ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралған.
Азаматша А. 4 кәмелет жасқа толмаған балалардың анасы болып табылады, алайда ол спирттік ішімдіктер ішеді, қоғамға қайшы өмір сүреді, соның салдарынан балаларының тәрбиесімен айналыспайды.
Азамат А.-ң азаматша А. екеуінің ортақ некесінен 1 кәмелет жасқа толмаған баласы бар, бірақта ол спирттік ішімдіктер ішеді, бала тәрбиесімен айналыспайды. Соның салдарынан балаларды тұрмыстық жағдайы нашар, олардың үстері кір, қаралмаған, қарындары аш, бақылаусыз өздеріне берілген, үлкендердің қарауынсыз көше кезіп жүреді.
Жауапкердің үйінде әрдайым бөтен адамдар жиналады, балалардың көзінше арақ ішіп, жанжалдасады. Жауапкердің екеуі де дәрігер наркологтың тіркеуінде тұрады.
Азаматша А. ҚР ӘҚБтК-ң 127 бабы 1 бөлігі бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұрындары оның балалары кәмелетке толмағандарға арналған арнайы орталыққа тапсырылған, алайда азаматша А. жұмысқа орналасып, үйін қалпына келтіріп, арақ ішуін қойған, сондықтан оған балаларын кері қайтарған. Бірақта екі айдан соң ол өзінің бұрынғы өмірін қайта бастаған, сондықтан кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия сотқа арызбен жүгінуге мәжбүр болған.
Бұл отбасы Май аудандық ІІБ-де жағдайы нашар отбасы ретінде есепте тұр.
Сот отырысында жауапкер А және А. талапты мойындап, ол туралы жазбаша арыз берген.
Сот шешімімен азамат А. ата-аналық құқығынан айырылған, ал азаматша А.-ға қатысты ата-аналық құқығын шектеген.
Балаларды « Май аудандық білім беру бөлімі» ММ-не қамқорлыққа берген.

Май аудандық сотында семинар


Май аудандық сотында «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, сақтау, жою және қол жеткізу қағидалары» атты тақырыпқа семинар сабағы өткізілді.
Бұл шараға сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова мен сот мамандары және аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері мен жергілікті адвокат қатысты.
Сот төрағасы бұл өткізіліп жатқан шаранын өзектілігі манызды екенін айтты, себебі Ұлт жоспары «100 нақты қадам» негізінде республикалық соттарының сот залдарында 100% аудио -, бейнежазба құралдары жүргізілген.
Семинар жұмысын кеңсе менгерушісінің м.а. М.Білтаева баяндамасында қатысушыларға сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, сақтау, жою және қол жеткізудің жаңа қағидаларын жеткізумен бастады.
Семинар соңында қатысушыларды қызықтыратын сұрақтар талқыланды. М.Білтаева мен жеткізілген аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, сақтау, жою және қол жеткізу бойынша жаңа нұсқаулары назарға алынып келешекте жұмыс атқару барысында қолданылатын болды.

Май аудандық сотының
баспасөз қызметі

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala