Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ хабарлайды

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) қарамағындағы коммуналдық тұрғын үй қорында баспанаға мұқтаждар тіркеуінде тұрған азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің 06.04.2015 жылғы №1030 «2015-2019 жылға арналған «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО арқылы несиелік тұрғын үй бағытына» қатысу үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы болуы қажеттілігі жайында хабарлайды.
Сонымен қатар, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2016 жылғы 8 қарашадан ЖАО-да кезекте тұрғандар тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын 15 млн. теңгеден аспайтын келісілген сомаға тегін аша алады.
Толық мәліметтерді Сіз «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Павлодар қаласында филиалында мына мекен-жай бойынша ала аласыз: Абай көшесі, 75 үй, тел. 20-97-03, 20-97-04, 20-97-05.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala