Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Май ауданы құтқарушылардың қонағында!

SAM 60352017 жылдың 06 наурызында № 27 өрт сөндіру бөлімінде Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен «Жалтыр орта білім беру мектеп» оқушылар қатысуымен ашық есік күні аталып өтті. Аталған шара Бүкіл дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні мерекесіне орайластырып, жастардың кәсіби бағдарын ұштауға және құтқарушылар кәсібінің бетпердесін көтермелеуге арналды.

Осынау күні оқушылары бөлімінің күнделікті тіршілігімен танысты, құтқару құралдары мен техникаларын тамашалады. Төтенше жағдайлар орын ала қалған жағдайда соған лайық пәрменді шараларды жүзеге асыру жолдары талқыланып көрсетілді. Құтқарушы мамандығын таңдамақ талапкерлер болса, Көкшетау техникалық институтына түсудің жолдары түсіндірілді. Құтқару қызметінің басқарушысы Д.Ш.Ыдырысов су қоймаларындағы қауіпсіздік шаралары мен ережелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп оқушылары Азаматтық қорғаныс саласы бойынша жақсы білімдарлықтарын, дағдыларын көрсете білді, бұл дегенің-мектепдегі алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Б. Тлеухан еңбегі өнімді деген сөз.
Мектеп оқушылары осы күні өздерін тап құтқарушылардай сезініп, осыншама қуанышты көңіл-күйді бастарынан кешіп, ерекше әсерленіп қайтты.

Май ауданының ТЖБ

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala