Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Май аудандық соты хабарлайды

Павлодар облысының Май аудандық сотында «Отбасында гендірлік теңдікке жету. Отбасын нығайту және отбасында тәрбие рөлін жоғарлату» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

Павлодар облысының Май аудандық сотында «Отбасында гендірлік теңдікке жету. Отбасын нығайту және отбасында тәрбие рөлін жоғарлату» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Май аудандық сот төрағасының м.а. Н.Ыбыраев пен «Май ауданы прокуратурасының прокуроры С.Жакубаева, «Май ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің қамқорлық және қамқошылық бөлімінің бас маманы А.Қалел, «Май ауданы ІІБ ЖПҚ-ң ӘПБ әйелдерді зорлықтан қорғау бойынша тобының инспекторы А.Абдыгаликова қатысты.

2006-2016 жылдарына Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік Стратегиясы 2005 жылдың 29 қарашасында № 1677 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген.
7 бөліммен «Отбасында гендірлік теңдікке жету. Отбасын нығайту және отбасында тәрбие рөлін жоғарлату» әрдайым қолдауға мұқтаж әйелдерге демеу көрсету, зорлықтан қорғау, ақтау және уақытша баспанамен қамтамассыз етуді жүзеге асыру болып келеді. Зорлықты ескерту және алдын алумен айналысатын ІІМ-нің құрылым бөлімшелерін нығайту. «Тұрмыстық зорлықты алдын алу» баяндамасымен «Май ауданы ІІБ» ММ ӘПБ әйелдерді зорлықтан қорғау бойынша тобының инспекторы А.Абдугаликова сөз сөйледі.
«Білім облысында гендірлік саясат» баяндамасымен «Май ауданы білім беру бөлімі» ММ-нің қамқорлық және қамқошылық бөлімінің бас маманы А.Қалел сөз сөйледі.
Қатысушылыр дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысып, олардың қойылған сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сүйене отырған жауап берілді.

Май аудандық сотында АІЖК-нің 39 және 40 тараулары бойынша мәжбүрлеп емдеуге жолдау жөнінде істер бойынша сот ісін жүргізу мәселелері тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

Май аудандық сотында АІЖК-нің 39 және 40 тараулары бойынша мәжбүрлеп емдеуге жолдау жөнінде істер бойынша сот ісін жүргізу, сонымен қатар, АІЖК 40 тарауы бойынша туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы сот ісін жүргізу тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстел» отырысына сот төрағасының м.а. Н.Ыбыраев, Май аудандық орталық ауруханасының, Май аудандық түберкулезге қарсы ауруханасының, аудандық прокуратурасының, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полициясының және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Берілген іс-шарада қолданысқа бітістіру рәсімдерін өткізу бойынша іс жүргізу, оңайлатылған іс жүргізу тәртібі, ҚР АІЖК-нің 39 тарауы бойынша алкоголизм, нашақорлық немесе уытқұмарлықпен ауыратын азаматты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу және АІЖК-нің 40 тарауы бойынша туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы істер бойынша іс жүргізу тақырыбына баяндамалар оқылды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға соттардың азаматтық істерді қарау кезіндегі тиімділігін, жеделдігін арттыруға бағытталған АІЖК–ның жаңа өзгерістері бойынша жауаптар берілді.

 

Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдері жөніндегі заңының талаптарын бұзу

Павлодар облысы Май аудандық сотында ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлігімен азаматша Т-ға. қатысты әкімшілік іс қаралды.
Әкімшілік іс құжаттарына сай, Май ауданы Көктөбе кентінде азаматша Т. өз тұрғын үйінде 2017 жылы 21 ақпанда сағат 22.10 шамасында Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдері жөніндегі заңының талаптарын бұза отыра үйінде алкоголь өнімдерін сақтап сатқан.
Сот отырысында азаматша Т., оған тағылған әкімшілік кінә бойынша өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінеді.
Іс құжаттарын зертей келе сот азаматша Т-нің әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 282 бабы 3 бөлігінің 1), 4) тармақшалары бойынша дұрыс сарапталған деп санайды, яғни алкогольдық өнімдерін өз үйінде сақтап сатқан.
Сот қаулысымен азаматша Т. ӘҚБтК-нің 282 бабы 3 бөлігінің 1), 4) тармақшалары бойынша кінәлі деп танылып, оған 50(елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 113 450 тенге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды және акциздық товарлары, далірек айтсақ - арақ сыйымдылығы 0,5 литр 211 бөтелке талқыланды.
Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Май аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбына семинар өткізілді

Май аудандық сотында «Сот кабинеті. Электронды үкімет порталы арқылы сотқа арыз беру» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына сот кеңсе меңгерушісі З.Жүнісбаева, аудан прокуратурасының прокуроры С.Жакубаева және Үкіметтік азаматтар үшін мемлекеттік корпорациясының Май ауданы филиалының өкілі Е.Мұхтаров қатысты.
Сот кеңсе меңгерушісі З.Жүнісбаева «Сот кабинеті» сервисі бұл барлық сот сатыларына кез келген өтініштер мен арыздарды электрондық түрде беруге мүмкіндік туғызатын сот органдарының онлайн қызметтерін алуға, мемлекеттік бажды онлайн төлеуге, істің өтуін қадағалауға, сот құжаттарын және хабарламаларды жедел алуға арналған бірыңғай терезе деп түсіндірді.
Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді. Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ сотқа жүгініп, Жоғарғы Соттың ресми сайты арқылы өз құжаттарын бере алады.
Семинар соңында қатысушылар электрондық сот ісін жүргізудің, соның ішінде «Сот кабинетінің» дамуы істі қарауды жеңілдетеді және тездетеді деген ойға келді.

 

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ананың міндетін орындамау


Май аудандық сотымен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ананың міндетін дәлелді себептерсіз орындамау туралы әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, азаматша Б.-ның қарамағында 3 кәмлет жасына толмаған балалары бар, ол оның тәрбиесімен, оқытып үстаумен айналыспайды.
Берілген факт бойынша Б.-ға қатысты ӘҚБтК 127-бабының 1-бөліміне кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ананың міндетін дәлелді себептерсіз орындамау бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама құрастырылған.
Сот қаулысымен азаматша Б. ӘҚБтК 127- бабының 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 АЕК -15 883 теңге мөлшеріне айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Уақытында айыппұлды төлемеген

Май аудандық сотымен азамат М-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 669 бабы бойынша әкімшілік іс қаралды, себебі ол 2017 жылы 16 ақпанда Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының ӘҚБтК-ң 615 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 11345 тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұлға жазалану туралы қаулы шығарылған, бірақта ол бүгінгі күнге дейін қаулыны орындаудан бас тартқан.
Сот отырысында азаматш М. кінәсін толық мойындап, өкініп, келесіні айтты айыппұл қарыз соммасын уақытында төлемеген себебі қаражаттын жоқтығы, және ол ешқайда жұмыс істемейтінін көрсетті сол себептермен қаулыны орындамаған.
Сот оны ҚР ӘҚБтК-ң 669 бабында көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 1 (бір) тәулікке камауға алу жазасын тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala