Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Май аудандық сотында Медиация туралы Заңын және пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізілді

Май аудандық сотының БАҚ-пен байланыс қызметін үйлестіруші сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова аудандық жергілік «Шамшырақ» редакциясының тілшісінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданылуы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізді.

Сот төрағасы ҚР Медиация туралы Заңын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау барысында қолдану тәжірибесіне тоқталып, соттың іс жүргізу міндеттерінің бірі тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу болып табылатынына тоқталды.

Пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, пилоттық жоба аясында олар бойынша медиация жүргізу міндетті болып табылатын даулардың (жанжалдардың) санаттарын, пилоттық жобаны жүргізудің қағидаттарын, пилоттық жобаның қатысушылары кімдер болып табылатынын, Ереженің медиацияны жүргізу тәртібі көзделген 7-тармағының талаптарын түсіндірді.

Шара барысында БАҚ өкіліне Медиация туралы Заңды қолдану, пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында атқарылған іс-шаралар туралы мәліметтер берілді.

 

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

Құқықбұзушы медиация тәртібінде татуласты

 

Май аудандық сотымен «Жәбірленушінің деңсаулығына қасақана женіл зиян келтіру фактісі бойыша әкімшілік іс қаралды. (ӘҚБтК-ң 73-1.1б.)
Іс материалдары бойынша, азамат О. 11 шілде 2017 жылы Май ауданы Көктөбе ауылындағы асфальт зауытының манында бола тұра, масаң күйінде өз арадарында жанжал шыққан кезде азамат С-ге қол жұмсап, деңесіне әртүрлі соққы жасап жеңіл жарақат түсіргені анықталды.
Осы факт бойынша О.-қа қатысты әкімшілк құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылды.
Сот талқылауы барысында құқықбұзушы мен жәбірленушіден медиация тәртібінде тараптарды бітістіру жөнінде өтініш түсті.
Сот қаулысымен О.-қа қатысты іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

Семинар сабағы өткізілді

 

Май аудандық сотында «Іc қағаздарын жүргізу ережесіндегі сот істері мен құжаттарды беру тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шара барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі З.Жүнісбаева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы «5» наурыздағы №6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесінің, аудандық соттарда ic қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейтінін айтып өтіп, осы ережедегі негізгі ұғымдар туралы және құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар жөнінде толығырақ айтып берді.

Аудандық соттың бас маманы М.Білтаева баяндама жасап, іc қағаздарын жүргізу ережесінде көзделген сот істері мен құжаттарды беру тәртібін түсіндіріп өтті.

Бұдан соң, сот қызметкерлерімен туындаған сұрақтар талқыланып, өзара пікірлер алмасты.

Шара соңында, аталмыш ереженің күнделікті жұмыс барысында басшылыққа алынатын құжат екендігі атап өтілді.

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

ЖИЫРМА ТӘУЛІККЕ КАМАУ ТҮРІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 6 бөлігі бойынша жүргізуші Д-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.

Іс материалдарына сай: 2017 жылы 21-ші тамызда азамат Д мас күйінде бола тұра, және көлік жүргізу куәлігі болмауына қарамастан «М 412 ИЭ» атты автокөлікті мемлекеттік номері S 695 EVM Май ауданы Баскөл ауылының маңында басқарған.

Сот отырысында құқықбұзушы Д өз кінәсін толық мойындады .

Сот қаулысымен Д ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 (жиырма) тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala