Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

«Экстремизмнің алдын-алу және дұрыс Ислам түсініктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні аудандық Нұр Отан Партиясы филиалының мәжіліс залында Май аудандық ішкі саясат бөлімінің  ұйымдастыруымен өткен «Экстремизмнің алдын-алу және дұрыс Ислам түсініктері» атты дөңгелек үстелге мектеп директорлары, дінтану мұғалімдері, Жас Отан көшбасшылары, колледж студенттер, жоғары сынып оқушылары және мешіт  имамдары қатысты.

Ұйымдастырылған дөңгелек үстелдіңбасты мақсаттары – діни экстримизімнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу; терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдарын анықтау; елімізге келтірген зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу.Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды діни сауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Аталмыш шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы - Қайырбек Шырын Қайырбекқызы жүргізді. Сонымен қатар іс-шарада аудан прокуроры Темиров Сержан Рахметоллаұлы, Нұр Отан партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Байғалиев Алтынбек Бейсенұлы,Көктөбе ауылындағы орналасқан «Қожабек» мешітінің имамы Жағыпар Берік қажыжәне Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығының офицері Курмангазин Рустем Хамитұлы қатысып, жиналған қауымға діни экстермизм және оған қарсы шаралар туралы кеңінен насихаттап айтып өтті. Кездесу барысында қатысушаларға экстремизм, диструктивті ағындар мен секталарға кіру себептері туралы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында «Жас Отан» қанатының мүшелері қатысушылармен тренинг өткізді.

Қатысушылар белсенді қызығушылық танытты және өздерін қызықтырғансұрақтар қойды. Студенттер мен мектеп оқушыларына экстремистік ақпаратты таратуға жауапкершілік туралы және диструктивті діни ұйымдарының шырмауынан өздерін қалай қорғау керектігі туралы түсінік берілді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар, анықталған мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын іздестіру үшін аймақтарда осындай кездесулерді өткізуді жалғастырып ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Қатысушылар біздің өңірдегі экстремизмнің мүмкін көріністеріне бірлесіп белсенді түрде араласуға дайын екендігін білдірді.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala