Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қазақстандық азаматтық біртектілікті, патриотизмді және ұлт бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі элементі болып табылады.

2016 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидалары бекітілді.

Мереке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы  4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойылған күнге орайластырылған.

Осы қағидаларға сәйкес Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын еліміз бойынша барлық жерде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен безендірілген үй-жайларда салтанатты түрде мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің, мәдениет, білім және ғылым, экономика және қаржы, сондай-ақ басқа да салалардың белгілі өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігумен басталады және Мемлекеттік Гимн орындалады.

Ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған құттықтау, сондай-ақ оның тарихы, маңызы және маңыздылығына арналған сөздер ұйымдастырылады.
      Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде өткізілуі мүмкін:
      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау жөніндегі шарасы;

-       медальдарды, төсбелгілерді, ведомстволық наградаларды, құрмет грамоталарды және алғыс хаттарды табыстау;

-       жаңа объектілердің, ұйымдардың ашылуы;

-       әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге ант қабылдату;

-       Қазақстанның мемлекеттілігі мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер;

-       кітапханалар мен музейлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған тақырыптық көрмелер мен экспозициялар;

-       көрнекті саяси, еңбегі сіңген және қоғам қайраткерлерінің сұхбаттары мен жарияланымдарын, тақырыптық бағдарламалар циклдарын шығару;

-       мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге, өз еліне деген мақтаныш және отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталған конкурстар, викториналар;

-       мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған басылым және естелік өнімдерін шығару;

-       Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған өзге де шаралар.
     Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуде ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік заңды тұлғалар Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету жөніндегі шаралар қабылданады.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік рәміздер күнін ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді жығару, пайдалану және қолдану жағдайы бойынша тұрақты негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылғы 15 ақпандағы мемлекеттік рәміздерін жасау бойынша лицензиаттармен дөнгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің жағдайы бойынша мониторингін жүргізуге бекітілген кестесіне сәйкес ағымдағы жылда Павлодар облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменттің қызметкерлері «Мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамасын сақтау үшін облыс қалалары мен аудандарының 321 мемлекеттік мекемелеріне мониторинг жүргізді.

«ҚР ИДМ Техникалық реттеу және

метрология комитетінің Павлодар

облысы бойынша Департаменті» РММ

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala