Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Ел жүрегі – Астана! Сердце страны – Астана!

29 шілде күні Көктөбе ауылының «Тәуелсіздік» алаңында «Ел жүрегім Астана» атты мерекелік кеш өтті. Мереке флешмобпен ашылды. Аудан әкімі А.А.Қаңтарбаев жиылған аудан тұрғындарын Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтап,жылы лебізін білдірді.

Шілде айының 15-25 күндері аралығында өткізілген «Мен не үшін Астана қаласын жақсы көремін?» атты акцияның қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер әр түрлі номинациялармен марапатталды. Акция жеңімпаздарына арнап, Май ауданының мәдениет үйінің сүйемелдеушісі Сағындықов Жүсіп әсем ән тарту етті.

Іс-шараның алғашқы 50 қонақтары аудандық ішкі саясат бөлімімен ұйымдастырылған тегін және ұтылыссыз лотереяның қатысушылары атанып, әртүрлі бағалы сыйлықтарға ие болды. Кеш концерттік бағдарламамен және дискотекамен жалғасты.

«Біздің мерекемізге уақытында келген қонақтар бағалы жүлделерге ие болып және өте көтеріңкі көңіл күйде болды. Аудан жастарының көңілдерін көтеру үшін біз арнайы Павлодар қаласынан кәсіби диджейді өзінің би тобымен шақырдық және «Mega-dance Openair» дискотекасын жарқын және көңілді өткіздік деген ойдамын. Бүгінгі жастарға ұйымдастырылған шара жиналған қауымның көңілінен шықты деген сенімдімін», - деп ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дархан Бигельдинов өз әсерлерімен бөлісті.

Кештің басты тосын сыйы Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай мерекелік отшашу болды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala