Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Фаст-фудтың зияндылығы

Фаст-фудағылшын тілінен аударғанда «жылдам тамақ» дегенді білдіреді. Бұл тағамның ерекшелігі – оның жылдам дайындалуы және пайдалануы. Фаст-судқа мыналар жатады: картофель-фри, хот-дог, пицца, шаурма, гамбургер, лапша және жылдам дайындалатын картоп езбесі, чипсы, поп-корн және жүре жеуге болатын басқа тағамдар.

Фаст-фудтың басым бөлігі адамның денсаулығына үлкен залал келтіреді. Алдымен бұл жоғары калориямен байланысты. Өйткені адам фаст-фудты жылдам тамақтанып алу үшін алады емес пе. Сондықтан оған калориясы түскі аспен тең бутербродты ұсынады.

Өзінің калориялығына қарамастан фаст-фудтың тағамдық құндылығы шамалы. Мысалы, жылдам дайындалатын лапшада қарапайым тағамға қарағанда В тобындағы дәрумендер мен тағам ұлпалары аз болады. Ендеше, онда тек көмірсулар ғана қалады.

Майлы, ащы тағамның молдығы, құрғақ жеген тағам сау адамды гастритке жеткізеді. Сонымен қоса, кімде асқазан-ішек трактісі проблемасы болса, кез-келген жылдам дайындалатын тағам тыйым салынады. Атеросклероз немесе гипертониямен ауыратын науқастар үшін фаст-фуд қауіпті. Біріншіден, бұндай тағамда холестерин мөлшері жоғары болады. Екіншіден, бургерлер мен чипсылер көбінесе біздің ағза не өңдеп, не жоя алмайтын трансгенді майларда дайындалады. Диабетпен ауыратын адамдар үшін тәтті фаст-фуд тыйым салынуы тиіс.

Қарын аша бастағанда бидай нандарымен, жемістермен, қышқыл өнімдермен тамақтанған жөн. Сусындардан минералды суды немесе шырынды ішкен дұрыс.

Өз денсаулығыңызға қауіп төңдірмеңіз, дұрыс тамақтаныңыз!

Май аудандық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасы

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala