Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Ауған соғысына 30 жыл

Оқушылар ауған соғысы ардагерімен кездесті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінде 10 сынып оқушылары алғашқы әскери пәні мұғалімі Маженов М.М.ұйымдастыруымен «Мәңгілік тағзым» атты ауған соғысының ардагері Борис Семенюкпен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты: оқушыларға Отанын, елін-жерін сүюге, жастарға патриоттық тәрбие беру.

Кездесу барысында 10сынып оқушылары ауған соғысы ардагерлеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.Елімізде, әлемде соғыс болмаса екен. Әлем халқы тату-тәтті өмір сүрулерін қолдап сөз сөйледі.Кездесу соңы оқушылар естелік суреттерге түсті. Кездесу қызықты, тартымды, мазмұнды өтті.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala