Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 12 наурызда аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында облыс әкімінің кеңесшісі-әдеп жөіндегі уәкілі Орий Викторович Фельдманмен және Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Әуталіпов Нұрлан Қабыкенұлымен кездесу өтті.

Сәлемдесу сөзімен семинарды аудан әкімінің орынбасары-әдеп жөіндегі уәкіліМ.Қ. Құсайынова ашты.

Әдеп жөніндегі кеңеске сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу сияқты міндеттер жүктелген.

Сонымен қатар, облыс әкімінің кеңесшісі-әдеп жөіндегі уәкілі 2018 жылы жасалған жұмыстары жәйлі баяндап берді. Сонымен орай, кейбір мемлкеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа жасап, атқарып отырған лауазымдарынан айырылып жатқан фактілерді тілге тие кетті.

Семинар барысында сөз Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Әуталіпов Нұрлан Қабыкенұлына берілде. Ол, өз жұмысында мемлекеттік қызметшілердің қандай проблемаларға тап болатыны жәйлі мәлімдеп берді, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсаты заң жүзінде белгіленгені туралы айта отырып, үстеме жұмыстарға баулу тек қана мемлекеттік қызметшінің келісімі арқылы болуы тиіс екенін мәлім етті.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары – әдеп жөніндегі уәкілі Мадина Қабзайытқызы Құсайынова сөз алды. Өз сөзінде ауданда 2018 жылы өткізілген іс-шараларға тоқталды және аталған жылы мемлекеттік қызметшілер және өзге азматтардан әдеп кодексін бұзу туралы мәлеметтер түспегенін атап өтті.

Семинар соңында Ю.В. Фельдман азаматтармен және аудық жер қатынастары бөлімінің, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ТҮК, ЖК және АЖ, білім беру бөлімінің басшыларыменжеке кездесу өткізді.  

«Май ауданы әкімінің аппараты» ММ

 

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala