Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінің нөмірін «Онлайн» көруге болады

Көрсетілетін қызметті алушылар осы қызметке «Электрондық үкімет» порталында тапсырыс бере алады (немесе mGov.kz мобильдік қосымшасы арқылы), ол үшін ЭЦҚ болуы немесе eGov.kz тіркелуіңіз қажет және телефон нөмірін портал профиліне байласаңыз болады.

1-қадам. eGov.kz порталын немесе mGov.kz мобильді қосымшасын пайдалану қажет.

2-қадам. «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезек нөмірін қарау» пернесін басыңыз.

3-қадам. Онлайн қызметке тапсырысты ЭЦҚ көмегімен немесе бір реттік құпия сөзді пайдалану арқылы беріңіз. Қажетті өрістерді толтырыңыз.

Кезек нөмірі «Сұрау салуды жіберу» батырмасын басқаннан кейін бірден пайда болады.

Май ауданының әкімдігі

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala