Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Коктубек селолық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу

Май аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарымен 2019 жылдың маусым айының 19 күні Коктубек селолық округінде ауыл тұрғындарымен «Мемлекеттік қызметті көрсету тақырыбында» кездесу жүргізілді. кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері, мерзімі туралы және халықпен қойылған сұрақтар бойынша талқыланды.

Ауылының тұрғындарына Май аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында қажетті сұрақтарыңыз бойынша анықтаманы және басқарма қызметінің жұмысы жөніндегі, өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді сенім телефон арқылы 8 (71838) 91-7-53 хабарласуға және maiskoe_ru_zpp@mz.gov.kz электронды пошта арқылы жолдауға болады

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala