Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

E-commerce мүмкіндіктері

2025 жылға қарай виртуалды сауда көлемі 153 миллиард теңгеден 2-3 триллион теңгеге дейін ұлғаяды, ал электрондық коммерция саласындағы жұмыс орындарының саны 200 мыңға жетеді.

Жақында ғана Қазақстан Республикасында электрондық сауда бөлшек айналымының жалпы үлесінде тек 1%-ды ғана алды. Электрондық коммерцияның сұранысқа ие болуы мынадай іс-шаралар ықпал етеді: пошта инфрақұрылымының халық үшін қол жетімділігін жақсарту, клиенттердің сәлемдемелерді алу уақытын қысқарту, жөнелтімдерді үздіксіз жеткізуді жолға қою, клиенттік аналитиканы кеңінен пайдалану, тауарлар ассортиментін кеңейту және ұтқыр коммерцияның танымалдығының өсуі.

Электрондық сауданы дамытуда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) кәсіпкерлер үшін, егер сату электрондық түрде жүзеге асырылған және тауарлар үшін төлем жылдық жиынтық табыстың кемінде 90% қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізілген жағдайда, корпоративтік және жеке табыс салығын төлеуден кірістерді 100%-ға дейін босату бөлігінде күшіне енген салықтық преференциялар да маңызды рөл атқарды.

Осылайша,2017 жылы Павлодар облысында интернет арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс алатын 76 ұйым жұмыс істеді. Тауарлар мен қызметтерді өткізудің жалпы көлемі 1895,0 млн. теңгені құрады. 2018 жылы Интернет арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс алатын ұйымдар 251 бірлікті құрады (ұқсас кезеңге 330%).

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala