Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ МАЙ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Бүгін Май ауданына жұмыс сапарымен аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы Бақауов келіп, аудандағы топтық су құбырының құрылысы барысымен танысып, ауыз су мәселесі қатаң бақылаумен және үлкен жауапкершілікпен жүзеге асырылуы керектігін айтты.

Сонымен қатар әлеуметтік нысандарды аралады, мал бордақылау алаңдарын ашуға ниетті кәсіпкерлермен және жерглікті шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

Жұмыс сапары Қаратерек және Ақшиман ауылдарындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуын танысумен жалғасты.

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala