Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

«Гүлдер» шағын орталығына ойын алаңы тарту етілді

Жұмыскер ауылының Қазан жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы «Гүлдер» шағын орталығында үлкен салтанатты іс-шара өтті. Жұмыскер ауылына су құбырын жүргізген «ЖармаҚұрылысГаз» директоры Исабаев В.С балаларға 827000 теңге аясында ойын алаңын сыйға тартты.

Салтанатты мерекеде аудан әкімі А0таев Марат Қамзаұлы ауыл тұрғындарын құттықтай отырып,«ЖармаҚұрылысГаз» директоры В.С.Исабаевты Алғыс хатпен марапаттады. Мерекелік іс-шарада балалар әзірлеген ән мен би өнері көрсетіліп,келген қонақтар мен ата-аналар тарапынан игі-тілектермен алғыстар айтылды.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala