Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

ҚАРТТАР МЕРЕКЕСІ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Қарттар күнің өткізу қарсанында Май аудандық сотының ұжымы бұрынғы сот жұйесінің ардагері Нұрболат Қабдрашұлы Жаукеновтың жұбайы Май ауданы Көктөбе ауылының тұрғыны Раушан Кабдымқызы Мүканованы қарттар күнімен құттықтап, ұзақ ғұмыр кешуін тіледі.

     Марқұм сот жұйесінің ардагері Н.Жаукенов Май аудандық сот саласында 1976 жылдың шілде айынан бастап 1980 жылдын қазан айына дейін сот төрағасы болып жұмыс атқарды.

Май аудандық соты ұжымының атынан сот жұйесі ардагерінің жұбайына мереке қарсанында сыйлық табыс етілді.

Қайнар:

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala