Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Дөңгелек үстел

Май аудандық соты, Май аудандық әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, «Отбасымен бірге» жазғы отбасылық лагері» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Май аудандық сотының төрағасы Ұ. Рахимбергенова, психологтар,Май ауданы «Оқушылар үйі» қызметкерлері және жас отбасылар қатысты.

Жас отбасы ата-аналар мен балалардың бір –біріне жақын болуы үшін әрдайым бірге демалу қажет екені түсіндірілді. Жанұя демалыстарын бірге қызықты өткізсе, олардың арасында түсінушілік қалыптасады. Сонымен қатар кездесу барысында жас отбасылардың қатысуымен әр түрлі сайыстар өткізілді.

     Май аудандық сотының

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala