Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Май аудандық сотында «Жеке қаулылар шығару және олардың орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға сот төрағасының м.а. Гулзия Хамитова, аудандық прокуратурасының, ішкі істер полициясының өкілдері және сот мамандары қатысты.

     Өз сөзінде сот төрағасының м.а. Г.Хамитова жеке қаулы шығаруға негіз болған қылмыстық істерді алдын ала тергеу барысында жіберілетін қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық заңнаманың бұзылуы туралы айтып берді.

     Сот төрағасының м.а. Г.Хамитова дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына жеке қаулыға уақтылы жауап беру қажеттілігі туралы айтып, оның формальды орындалмауын болдырмауды тапсырды.

     Дөңгелек үстел өту барысында қатысушылар проблемалық мәселелерді және оларды жою шараларын талқылады.

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala