Ресми сайт
Май ауданы әкімдігі
2019 жылдың 6 қазанында жыл сайын дәстүрлі өтетін Кольцов Л.Н., Кольцова А.С. еске алуға арналған спорттық бағдарлау бойынша ашық қала турнирі өткізілді. Турнирге ауданымыздың спортшылары қатысып, үздік нәтиже көрсете білді. Турнир балалар мен жастар арасында спортты және салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру, ең мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Турнир жоғары деңгейде өтті. Жарысқа қатысушылар жеке дара сайысқа түсті. Турнирға ауданымыздың Қуандық Қаирұлы бастаған команда қатысып, жеңіспен оралды. Турнир нәтижесінде Исабаев Мирлан I орынмен, Педашенко Данил I орынмен, Прокопчик Сергей II орынмен марапатталды. Сонымен қатар, басқа қатысушылар жүлделі орындармен оралды.
Дене тәрбиесі мен спорт саласының дамуына және білім алушы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосып жүрген азаматтар баршылық. Сондай ардақты азаматтардың бірі де бірегейі, осындай мықты спортшыларды дайындаған команда басшысы Қуандық Қаирұлы Павлодар облысы спорттық бағдарлау Федерациясының Президенті С.Кремердің алғыс хатымен марапатталды. Дәстүрлі түрде өткізілетін спорттық бағдарлау бойынша ашық қала турниріне Қуандық Қаирұлының дайындаған шәкірттері әр жыл сайын жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Өздерінің спорт саласында үздік спортшы екендіктерін тағы да бір дәлелдей білді.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта бұдан да зор белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз.
Май ауданы
Аудандық оқушылар үйі