Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Ветеринариялық анықтаманы беру тәртібі

Ветеринариялық анықтама мал иесі өтініш жазған күні ресімделеді, жануардың ветеринариялық паспортының және жеке нөмірінің, ветеринариялық тексеріп, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық жағдайына қарап, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасындағы жануарлар туралы мәліметтер арқылы, жануарға және жануардан алынатын өнім мен шикізатқа беріледі. 

    Ветеринариялық анықтама Қазақстан Республикасының аумағында жарамды

    Жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа берілген ветеринариялық анықтама межелі жеріне ( пунктіне) жеткенге дейін жарамды болып табылады. Жануардан алынған сүтке ветеринариялық анықтама берілген сәттен бастап бір ай ішінде жарамды. Жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан жерінің эпизоотиялық ахуалы өзгерген жағдайда бұрын берілген ветеринариялық анықтама жұқпалы ауру жойылғанға дейін алып қойылады.

    Жануардың және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстыруды (тасымалдауды) жүзеге асыратын иесі жануардың,  жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан жері бойынша жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігеріне (бұдан әрі – ветеринариялық дәрігер) өтінеді.

   Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық анықтаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен аттестатталған өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – аттестатталған ветеринариялық дәрігер) береді.

   Ветеринариялық дәрігер, аттестатталған ветеринариялық дәрігер  жануарды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық тексеріп қарағаннан кейін ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерек базасындағы немесе  одан үзіндідегі жануарлар туралы мәліметтер, сондай-ақ аумақтың өтіну сәтіндегі эпизоотиялық ахуалды бағалау негізінде мөрімен және қолымен расталған ветеринариялық анықтаманы береді. Жануарды сою алаңында сойған жағдайда етті кейіннен таңбалай отырып, жануарды және оны сою, өнімдерін ветеринариялық тексеріп қарау жүргізіледі.   Ветеринариялық дәрігер мал иесіне мынадай жағдайларда ветеринариялық аңықтама бермейді:

1) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан (орналасқан) жерінде жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы);

2) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан (орналасқан) жерінде қолайсыз аймақтар аңықталса;

3) жануардың жеке нөмірінің болмауы;

4) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмесе.

Ветеринария бөлімі

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala