Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Жыл сайын көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыру қажет екенін ұмытатындар үшін

Жыл сайын көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыру қажет екенін ұмытатындар үшін, біз мерзім уақытын тексерудің қарапайым әрі ыңғайлы әдісін ұсынамыз.Темір тұлпарыңыздың техникалық байқауының мерзімі қашан аяқталатынын білу үшін egov mobile қосымшасын пайдаланып көріңіз.

- Egov mobile қосымшасын жүктеп, ЭЦҚ-мен немесе бірретік құпиясөз арқылы кіріңіз;
- Қосымшадағы «Көлік жүргізу және транспорт» бөлімінен «Техникалық тексерістен өту мерзімін қарау» қызметін таңдаңыз;
- Әрі қарай жүйе көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізуіңізді сұрайды.
Қажетті мәліметтер толтырылған соң жауап бірден беріледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala