Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Жаңалық

05.01.20-15 қантар күні Май ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Құдайбергенұлы Пішембаев келді. Іс-сапар барысында Мейрам Құдайбергенұлы жақында ашылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Balapan" балалар орталығына, Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша 3 млн теңге көлемінде грант ұтып алған жас кәсіпкер Жанат Санаттың жиһаз жасау цехына барып, жұмыс барысымен танысты.

Сондай-ақ, М. Қ. Пішембаев "Nur Otan" партиясының Май аудандық филиалында шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында шаруалардың проблемалық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жұмысшы кадрлардың жетіспеуі, субсидиялау, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

 

05.01.20-2

 05.01.20

 05.01.20

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala