Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

«Волейболдан аудандық жарыс өткізілді»

2014-05-14-1Спорт жолындағы алғашқы баспалдақтар мен жетістіктер қашанда ауылдық, аудандық өңірден бастау алмақ. Ағымдағы жылдың 15 Сәуір күні Мемлекеттік жастар саясатын жергілікті жерде іске асыру жоспарына сәйкес
Аудандық спорт кешенінде Волейболдан аудандандық жарыс ашық біріншілік өткізілді.

Алғашқы ашылу салтанатында алғы сөз сөйлеген Май аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші өрынбасары Алтынбек Бейсенұлы содан соң Тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Советқызы және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Раушан Манапқызы сөз сөйлеп Волейболға қатысушы жастарға сәттілік тіледі.

Ақ тілектерден кейін аталмыш спорт салтанатты түрде ашық деп жарияланып, еліміздің айбынды әнұраны тыңдалды.
Осы жарысқа әр ауыл округтерінен командалар қатысып тартулы қызықты ойын болды. I-орынды жеңіп алған Майтүбек ауылының жастарынан құралған волейбол командасы, II-орынды жеңіп алған Кеңтүбек ауылының құрама командасы, III-орынға табан тіреген Жұмыскер ауылының құрама командасы.
Мадақтама иегерлері Баскөл ауылының командасының оыншысы Сматаев Акежан және Қаратерек ауылының командасының ойыншысы Немгетер Данияр «Үздік ойыншы» атанды. Кеңтүбек ауылының командасының ойыншысы Андасова Гүлназ және Малайсары ауылының командасының ойыншысы Асылханов Қайырболат «Үздік шабуылшы» атағына ие болды. Жұмыскер ауылының командасының ойыншысы Қарғалиев Айбек және Кеңтүбек ауылының командасының ойыншысы Ботабаева Гүлжан «Үздік қорғаушы» атағын алды.

2014-05-14-2

Жарыс соңында аудандық волейбол жарысында жеңіске жеткен командаларды Май аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші өрынбасары Алтынбек Бейсенұлы, Тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Советқызы, Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Раушан Манапқызы мадақтама грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala