Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Май агро-техникалық колледжінде мастер – класс тренингтері

Май агро-техникалық колледжінде мастер – класс тренингтері Ағымдағы жылдың 13 маусым күні Павлодар облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Май агро-техникалық колледжінде ауыл жастарына мастер – класс, тренингтер өткізілді.
«Жастар арасында еріктілер бастамаларын дамыту» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нурмагамбет Жумадилов жастарды еріктілер қатарына тарту аясында жастармен әр түрлі қызықты ойындар өткізді.


Май агро-техникалық колледжінде мастер – класс тренингтері Павлодар облысының «Қазақстан халық Ассамблеясының үйлестіру кеңесінің төрағасы Паули Э. С. «Жастар арасында қазақ патриотизімін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасалып тренинг өткізді.
«Қазақстан жастарының конгресі» жастар бірлестігінің өкілі Гасельбах Е.А. «Жастар арасында кәсіптік бейімделу» тақырыбында түлектермен және Май агро-техникалық колледж студенттерімен мамандықты дұрыс таңдау бойынша бағыт-бағдар көрсетті. Мастер-класс, тренингке ауданымыздың 55-ке жуық жастары қатысты. Оның ішінде белсенді және ерікті жастарымен студенттер сондай-ақ жұмысшы жастар қатысты.

Май аудынының ішкі саясат бөлімі

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala