Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Қазақстанның оқу орындарында ХҚКО арқылы қызметтер алу негіздері оқытылуда

Алдағы оқу жылында «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер ұсыну негіздері» элективті пәні Т. Рысқұлов атындағы университетінің, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне оқытылатын болады.
Аталмыш пән 2013 жылы «Тұран-Астана» университетінде және Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Экономикалық колледжінің «Юриспруденция», «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» факультеттерінің 1 және 2 курс студенттеріне оқытылды. Сабақтарды «ХҚКО» РМК Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдарының қызметкерлері жүргізді.

Жаңа оқу жылында осы оқу орындарында пәннің академиялық сағаттар саны 3 есеге артқалы отыр.
Бағдарлама шеңберінде студенттер пайдаланушы көзқарасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай қызметтер алуға болатындығын, электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алудың басымдығы туралы біле алатын болады, egov.kz порталының мүмкіндіктерімен, ЭЦҚ қолдану тәртібімен және т.т. таныса алатын болады. Элективті пәннің мазмұны кәсіби қызығушылықтарды қанағаттандыруға, ХҚО-лар және электрондық үкімет порталы туралы білімді тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Студент таңдаған элективті пәндер зерттеу үшін міндетті болып табылады.
Студенттерден басқа, ХҚКО-лар қызметтерін ұйымдастыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру, инспекторлардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсыну талаптары мен сапасын арттыру мақсатында ХҚКО бөлімдерінің 100 басшысы оқытудан өтетін болады. ХҚКО қызметкерлеріне таңдалған ЖОО-ның оқытушылар құрамысабақ беретін болады. Жыл сайын ХҚКО қызметкерлері ҚР заңнамасын, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін білуге тексерістен өтетіндігі баршамызға мәлім.

Май аудаының ХҚКО

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala