Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында семинар өтті

seminarПавлодар облысы Май аудандық сотында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында семинар өтті.

Толығырақ...

Май аудандық соты аудан тұрғындарымен кездесу өткізді

vtrecha-1Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың VII- судяларының съезінде берілген тапсырмасын орындау шеңберінде Май аудандық сотының сот төрағасы Ұ.Рахымбергенова Май ауданы «НұрОтан» партия филиалының ғимаратында «Ұлт Жоспары-Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» атты тақырыбына аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Толығырақ...

Отбасы-тұрмыстық қатынынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

Май аудандық  сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен З -ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, З. бұрын 14.04.2017 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра, бір жыл ішінде қайталап 16.05.2017 жылы 21:00 шамасында, Май ауданы Жұмыскер ауылында үй ішінде бірге тұратын әйелін З.Н.-ны боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп тыныштығын бұзған.

Толығырақ...

Сот залынан

Май аудандық сотымен «Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы  адамдарға  сыйламаушылық  көрсету фактісі  бойыша әкімшілік іс қаралды. (ӘҚБтК-ң 73 б. 1б.)

Толығырақ...

ЖИЫРМА ТӘУЛІККЕ КАМАУ ТҮРІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 6 бөлігі бойынша жүргізуші Б-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.
Іс материалдарына сай: 2017 жылы 30-ші сәуірде азамат Б  мас күйінде бола тұра, және көлік жүргізу куәлігі болмауына қарамастан «Mazda-626» атты автокөлікті мемлекеттік номері 568 BWA14 Май ауданы Көктөбе ауылының Айтике би көшесінде басқарған.

Толығырақ...

Назар аударыңыз! Республикалық «Шапағат» форумы өз жұмысын бастады!

«Шапағат» форумы бұл:
- Өнертабыстар жәрмеңкесі
- «Шапағат» өнертапқыштар байқауы
- «Болашақ сенің қолыңда:ойлан тап тажасампаз бол» тақырыбында оқушылар арасындағы ең үздік эссе байқауы

Ұйымдастырушылар - ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Өнертабыстар жәрмеңкесі тұрақты негізде жұмыс жасайды. Жәрмеңке 2017 жылдың 26 сәуірінен бастап ашық.

«Шапағат» өнертапқыштар байқауына өтінімдер (бейне роликтер) беру мерзімі: 2017 жылдың 26 сәуірінен 30 қыркүйегіне дейін
Дауыс беру:2017 жылдың 27 маусымынан 30 қыркүйегіне дейін
Қорытындылау:2017 жылдың 15 қазаны
Байқауға қатысушылар:өнертабыс, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілердің патент иелері

«Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасындағы байқауға жұмыстарды (эсселерді) беру мерзімі:2017 жылдың 26 сәуірі мен 30 қыркүйегі аралығында
Қорытындылау:2017 жылдың 15 қазаны
Байқауға қатысушылар: Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқущылары

Толығырақ ақпаратты http://shapagat.kazpatent.kz/сайтынан ала аласыздар

Қатысуға шақырамыз!

 

Май аудандық әділет басқармасының
басшысы А.Д. Сәлменова, «ҚЗО»
РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala