Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

Митинг

news 02.06.17-231 мамыр күні Көктөбе ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингісі өтті. Казақстан үшін бұл күн аса маңызды. Қатығез саясаттың кесірінен «халық жауы» атанған  азаматтармен бірге олардың отбастары да қасірет шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам күштеп жер аударылды және 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың ішінде қазақ халқының бетке ұстар ардақты азаматтары, зиялылары болды. Жазасыз кінә тағылып құрбан болған  алаш  ардақтыларын еске алуға  ауданның құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, мекемелер мен ұйымдар ұжымдары келді.

А.ж. мамыр айының 26-28 күндері аралығында, Павлодар қаласында XX облыстық спартакиада аясында қазақша күрес бойынша облыстық жарысы өтті

А.ж. мамыр айының 26-28 күндері аралығында, Павлодар қаласында XX облыстық спартакиада аясында қазақша күрес бойынша облыстық жарысы өтті.

Осы жарысқа Май ауданының командасы қатысып, 60 кг. салмақта Қабатай Ернұр чемпион атанды, 66 кг. салмақта Жумадилов Арман III-орынды иеленді, 84 кг. салмақта Шарипов Қуат IV-орынды иеленді.

Жалпы 12 команданың ішінен Май ауданы 7-орынды алды. Ауданның өкілі – С.Б. Отаров, аудан төрешісі – Р. Багимжанов.

Толығырақ...

Медиацияны қолдану және пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел өтті

kr stolПавлодар облысы Май аудандық соты дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу және Жоғарғы Соттың пилоттық жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Толығырақ...

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында семинар өтті

seminarПавлодар облысы Май аудандық сотында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында семинар өтті.

Толығырақ...

Май аудандық соты аудан тұрғындарымен кездесу өткізді

vtrecha-1Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың VII- судяларының съезінде берілген тапсырмасын орындау шеңберінде Май аудандық сотының сот төрағасы Ұ.Рахымбергенова Май ауданы «НұрОтан» партия филиалының ғимаратында «Ұлт Жоспары-Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» атты тақырыбына аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Толығырақ...

Отбасы-тұрмыстық қатынынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

Май аудандық  сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен З -ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, З. бұрын 14.04.2017 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра, бір жыл ішінде қайталап 16.05.2017 жылы 21:00 шамасында, Май ауданы Жұмыскер ауылында үй ішінде бірге тұратын әйелін З.Н.-ны боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп тыныштығын бұзған.

Толығырақ...

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala