Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

«Жайдарман 2014»

12Талантты және дарынды балаларды анықтау мақсатында Май ауданының Көктөбе ауылының Аудандық оқушылар үйі «Жайдарман» атты көңілді тапқырлар ойыны жылда ұйымдастырады. Ойынға мектеп оқушыларынан құралған он команда бақ сынады, сонымен қатар ойынға Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласының оқушылары да қатысты. Ауданның мектеп оқушылары арасында.

Толығырақ...

Мектеп мақтаныштары

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында екені сөзсіз. «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» демекші, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын білім сайыстарының мәні зор. 2014 жылдың 11 сәуір күні «Ертіс Дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Жалтыр орта мектебінің оқушылары да белсене қатысты.

Толығырақ...

Жанашыр жандар – жан жылуын сыйлады

2014-04-16-1Жақында сырқаттанып қалған «Жанашыр» қайырымдылық қорының төрайымы Б.Жұмабаева аудандық ауруханада ем алып жатып, өзімен бірге сауықтыру кезеңінен өтіп жатқан кішкентай Әдиәні көріп, тілдеседі.
Сөйлеген сөзі 9 жастағы баланың емес, ересек адамдар сияқты астарлай сөйлеп, кісіні өзіне тартатын Әдиә, Бақыт Жұмабайқызын қайран қалдырды.

Толығырақ...

Ең бірінші кезекте экономика...

10 сәуір күні аудан әкімшілігінің конференция залында алқа мәжілісінде аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мен аудандық қаржы бөлімінің 2013 жылдың қорытындысы мен 2014 жылғы міндеттері жайында есептері тыңдалды.
Бірінші болып сөз алған аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Тасболатов өткен жылы жоспарланған I тоқсанда бекітілген іс-шаралар толықтай атқарылғандығын мәлімдеді.

Толығырақ...

"Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсын өткізу туралы жарнама

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау мақсатында ауданда "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсының 1 кезеңінің басталуын хабарлаймыз.
Конкурсты өткізудің мақсаттары болып отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.

Толығырақ...

Мәдениет жаңалықтары

2014-04-10-231 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде ХҮІ облыстық «Бір – ұлт, бір – ел, бір - тағдыр» атты этникалық мәдениет фестивалі ұйымдастырылып өткізілді. Фестивальға облыстың Успен және Май аудандарының этникалық-мәдениет орталықтарының белсенді өнерпаздары қатысты.
Алғы сөзді аудан әкімі А.Жармағамбетовтың атынан аппарат басшысы А.Райымбеков құттықтап, Успен ауданының өкіліне алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Толығырақ...

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala