Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

«Өнер алды – қызыл тіл» атты жүргізушілер байқауы өтті

1Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Ақжар ауылында Май ауданының мәдениет қызметкерлері Халықаралық «ЭКСПО - 2017» көрмесіне арналған аудандық «Өнер алды – қызыл тіл» атты жүргізушілер байқауын ұйымдастырып өткізді. Байқаудың мақсаты: жоғары деңгейде өтетін іс – шараларды өткізетін, ұшқыр ойлы, жүргізушілік дарындылығы бар, өз ойын жеткізе білетін, сөзге шешен, әсем дауысты, анық дикциялы, талантты жүргізушілерді анықтап халыққа таныту болып табылады. Байқауды ұйымдастырушы аудандық мәдениет ойын-сауық орталығы.

Толығырақ...

Бруцеллез – жұқпалы ауру

Бруцеллез – жануар мен адамдардың ауыр жұқпалы ауруы болып табылады. Бруцелла деп біріккен микробтар тобынан пайда болады.
Бруцеллезбен барлық ауыл шаруашылық және үй жануарлары аурады. Бірақ та негізінен бруцеллез таралуында ұсақ және ірі қара мал маңызды рөл атқарады.
Аса қауіпті, аурудың ауыр түрлеріне әкелетін қой мен ешкі бруцелла қоздырғышы болып табылады. Ірі қара мал бруцелласының қоздырғышы адам үшін аса қауіпті емес және ауру ағымы жеңілірек болады.
Бірақ та науқас қойларымен бірге ұсталынған ІҚМ қой қоздырғышына шалдығуы мүмкін және адам үшін қауіпті болады.

Толығырақ...

Май аудандық соты хабарлайды

Тараптар медиация тәртібінде татуласты

Май аудандық сотымен «Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсету фактісі бойыша әкімшілік іс қаралды. (ӘҚБтК-ң 73б.1б.)
Іс материалдары бойынша, азамат А.К. 20 ақпан 2017 жылы өз үйінде бола тұра, масаң күйінде бірге тұратын А.Л.-деген әйелі мен жанжал ашып, былапыттап сөйлегені анықталды.
Осы факт бойынша А.К..-ға қатысты әкімшілк құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылды.

Толығырақ...

Май ауданы құтқарушылардың қонағында!

SAM 60352017 жылдың 06 наурызында № 27 өрт сөндіру бөлімінде Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен «Жалтыр орта білім беру мектеп» оқушылар қатысуымен ашық есік күні аталып өтті. Аталған шара Бүкіл дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні мерекесіне орайластырып, жастардың кәсіби бағдарын ұштауға және құтқарушылар кәсібінің бетпердесін көтермелеуге арналды.

Толығырақ...

БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА !!!

2017 жылдын 10 наурызында халықты тетенше жагдайлардың туындау қаупіне ден қою және әрекет ету тәртібіне баулу мақсатында, аудан тұргындарына электросирена арқылы «Баршаның назарына!» дыбыс дабылын беру көмегімен қулақтандыру жүйесі тексеріледі, содан кейін халыққа «Баршаның назарына!» дабылынының мәні туралы ақпарат жеткізіледі. Жогарыда айтылғанға байланысты.

Май ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

IMG 6026«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады.

Толығырақ...

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala