Ресми сайт
Май ауданы әкімдігі
«Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» жалпыреспубликалық іс-шарасы шеңберінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында аудан әкімі Марат Ақтаев аудан азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Кәсіпкерлік және сауда басқармасы 2020 жылдан бастап келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады деп хабарлайды:
19 қазан күні Май ауданының бұрынғы Жалтыр қазіргі Кеңтүбек ауылының 60 жылдық мерейтойы тойланды. Бұл мерекеге орай қайта жөндеуден өткен ауылдық клубтың және ауылдың жаңа стелласының ашылу салтанаты өтті. Мерейтойда киіз үй тігіліп, ауыл жұртшылығына және қонақтарына ас берілді. Сонымен қатар, мерейтойға орай мерекелік концерт, көкпар, аударыспақ, арқан тарту және қазақша күрес ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аудан дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді.
Ветеринариялық анықтама мал иесі өтініш жазған күні ресімделеді, жануардың ветеринариялық паспортының және жеке нөмірінің, ветеринариялық тексеріп, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық жағдайына қарап, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасындағы жануарлар туралы мәліметтер арқылы, жануарға және жануардан алынатын өнім мен шикізатқа беріледі.
2019 жылдың 6 қазанында жыл сайын дәстүрлі өтетін Кольцов Л.Н., Кольцова А.С. еске алуға арналған спорттық бағдарлау бойынша ашық қала турнирі өткізілді. Турнирге ауданымыздың спортшылары қатысып, үздік нәтиже көрсете білді. Турнир балалар мен жастар арасында спортты және салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру, ең мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді.