Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Отбасылар сайысы

Май ауданының Көктөбе орта мектебінде білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мектептері арасында «Тәрбие отбасынан басталады» атты аймақтық отбасылық шығармашылық фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты: отбасын белсенді қоғамдық және мәдени қызметке тарту, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, салауатты өмір салтын бекіту, отбасылық көркем шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, отбасылық шығармашылық байланыстарды ынталандыру, отбасылық –шығармашылық қарым-қатынастың сабақтастығын сақтау және дамыту.

Толығырақ...

«Жайдарман 2014»

12Талантты және дарынды балаларды анықтау мақсатында Май ауданының Көктөбе ауылының Аудандық оқушылар үйі «Жайдарман» атты көңілді тапқырлар ойыны жылда ұйымдастырады. Ойынға мектеп оқушыларынан құралған он команда бақ сынады, сонымен қатар ойынға Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласының оқушылары да қатысты. Ауданның мектеп оқушылары арасында.

Толығырақ...

Мектеп мақтаныштары

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында екені сөзсіз. «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» демекші, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын білім сайыстарының мәні зор. 2014 жылдың 11 сәуір күні «Ертіс Дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Жалтыр орта мектебінің оқушылары да белсене қатысты.

Толығырақ...

Жанашыр жандар – жан жылуын сыйлады

2014-04-16-1Жақында сырқаттанып қалған «Жанашыр» қайырымдылық қорының төрайымы Б.Жұмабаева аудандық ауруханада ем алып жатып, өзімен бірге сауықтыру кезеңінен өтіп жатқан кішкентай Әдиәні көріп, тілдеседі.
Сөйлеген сөзі 9 жастағы баланың емес, ересек адамдар сияқты астарлай сөйлеп, кісіні өзіне тартатын Әдиә, Бақыт Жұмабайқызын қайран қалдырды.

Толығырақ...

Ең бірінші кезекте экономика...

10 сәуір күні аудан әкімшілігінің конференция залында алқа мәжілісінде аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мен аудандық қаржы бөлімінің 2013 жылдың қорытындысы мен 2014 жылғы міндеттері жайында есептері тыңдалды.
Бірінші болып сөз алған аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Тасболатов өткен жылы жоспарланған I тоқсанда бекітілген іс-шаралар толықтай атқарылғандығын мәлімдеді.

Толығырақ...

"Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсын өткізу туралы жарнама

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау мақсатында ауданда "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсының 1 кезеңінің басталуын хабарлаймыз.
Конкурсты өткізудің мақсаттары болып отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.

Толығырақ...

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala