Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(705)4829217 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Палодар облысы Май ауданы Көктөбе ауылының МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасының қасбет,жабыны және қоршауының күрделі жөндеу жұмыстары туралы

«Айгөлек» бөбектер бақшасының қасбет,жабыны және қоршауының күрделі жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2013 жылы Палодар облысының Май ауданы Көктөбе ауылы «Айгөлек» бөбектер бақшасының қасбет, жабын және қоршауының жұмыс жобасы құрастырылды. Тапсырыс беруші аппарат әкімінің Көктүбек селолық округінің МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасы.

Толығырақ...

ЖАСТАР – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ!

2014 жылдың маусым айында Көктөбе ауылының орталық алаңында Жастар күні мерекесі аталып өтті.
Мерекелік шараға ауданымыздың және "Жастар бастамаларының дамыту орталығының" белсенді жастары қатысты.
Жиналған жастарды аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары А. Райымбеков құттықтап, еліміздің болашағы жастардың қолында екендігін айта келе, оларға үлкен үміт артылып, зор міндет жүктеліп отырғандығын жеткізді. Сонымен қоса омы мереке күні отау құрғандарына 50 жыл толып, "Алтын тойларын" тойлап отырған қос қария Қадыр мен Қорлан Арыновтарды және жас отау иелері Танат пен Айымгүл Калиевтарға сый-құрмет көрсетті.

Толығырақ...

Жылдың басынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі 44 адам жұмысқа орналастырылды

Республиканың Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі адамдарды ХҚКО-ға жұмысқа тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Бүгінде осындай қызметкерлердің саны 142 адамды құрайды, ал жылдың соңына дейін оның санын 200 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыс – бұл ең алдымен клиенттермен жұмыс жасау. Мұндай жұмыс жауапкершілік, коммуникабельділік, ымыраға келу сияқты ерекше жеке бас қасиеттерін талап етеді. Әдетте, мүмкіндігі шектеулі адамдар осы барлық қасиеттерге ие жақсы қызметкерлер болып келеді. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі үш адам ХҚКО-да басқарушы лауазымда жұмыс жасауда, жүзден астам адам – ХҚКО мамандары мен инспекторлары.

Толығырақ...

Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар

Павлодар облысы бойынша Салық департаменті заңды және жеке тұлғалар назарына Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 210-V Заңы бойынша этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген туралы хабарлайды.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен аудан, ауыл және селолық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулеріндегі түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыруға қатысты 2014 жылғы 1 шілдеге қарағандағы ақпарат

Ағымдағы жылдың сәуір айында халық алдындағы есеп беру кездесулерінде түсен 3 ұсыныспен мен ескерту іске асырылды, олар – Бозша және Жанатілек ауылдарын жарықтандыруға қосымша 3 шам сатып алынды (Бозша – 3 шам, Жанатілек – 4 шам) (орындау мерзімі – 2014 жылғы сәуір).
Сонымен қатар Малайсары ауылындағы бұзылған 2 екі қабатты ғимаратты балансқа алу бойынша 300 мың теңге көлеміндегі қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. (орындау мерзімі – 2014 жылғы наурыз)
Ағымдағы жылдың маусым айында 1 ұсыныс іске асырылды, ол – Кентүбек ауылында жазғы су құбыры іске қосылды. (орындау мерзімі – 2014 жылғы маусым).

Бұрынғы «Семей ядролық сынақ полигонының жерлерін ауыл шаруашылық айналымына ауыстыру туралы» жобаны қарастыру жөніндегі ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУДЫҢ ХАТТАМАСЫ

Өткізілетін күні: 30.06.2014ж.

Өткізілетін уақыты: сағат 18-00
Өткізілетін орны: Павлодар облысы, Май ауданы, Ақжар ауылының мәдениет үйі.

Қоғамдық тыңдауды «Павлодар облысы Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.
Қоғамдық тыңдалым туралы ақпарат қоғамға бұқаралық ақпараттың құралдары арқылы (07.06.2014ж. №21 (8158) «Шамшырақ» газетіне хабарландыру және Павлодар облысы Май ауданы әкімдігінің сайтында) жарияланды.

Толығырақ...

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala