Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

main-orn main-orn main-orn main-orn

Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Сіз өз өтінішіңізді Май ауданы әкімінің аппаратына 8(747)3708518 нөмірі бойынша, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторының 8(777)2851912 нөміріне мобильдік қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз.
Фотосуреттерді жіберген кезде сіз жіберген фактілердің орналасқан жеріне қол қоюды сұраймыз.

Аудандық аурухана жұмысын жандандыру - халық тілегі

2 сәуір күні аудан әкімі А.Жармағамбетовтың төрағалығымен және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қасымовтың қатысуымен ауданның денсаулық сақтау мекемесінің 2013 жылдың қорытындысы мен 2014 жылғы міндеттері жөнінде алқа мәжілісін өткізді.
Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Т.Каримова өз баяндамасында өткен жылмен салыстырғанда аудан тұрғындары арасында аурулардың айтарлықтай өсімі жоқ екендігін айта келе, алда тұрған шешімін таппаған мәселелер бар екендігін жеткізді. Біріншіден орталық ауруханаға дренажды жүйеге өте қажет, екіншісі алыс шалғайдағы ауылдармен қарым-қатынасты жақсарту үшін интернет желісіне қосу қажеттілігі бар екендігін айтты.

Толығырақ...

Ішкі істер жұмысы сынға алынды

Сәрсенбі, 2 сәуір күні аудан әкімі А.Жармағамбетовтің қатысуымен аудандық ішкі істер бөлімімен кеңейтілген мәжіліс болып өтті.
Жиынға аудан прокуроры Қ.Бейсенов, аудан әкімінің орынбасары М.Ахамбаев, аудан әкімінің аппарат басшысы А.Райымбеков, ауыл және селолық округ әкімдері, мекеме мен бөлім басшылары және де учаскелік полиция қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде ауданның құқық қорғау органдарының қылмыстық деңгейді төмендету мен қылмыстардың ашылуын өсіруді қамтамасыз ету, мал ұрлығы және қоғамдық қалыптастырулардың жұмысын жақсарту жайында мәселелер талқыланды.

Толығырақ...

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala