Құрметті жолаушы тасымалдауымен айналысатын жеке тұлғалар!

Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажеттігін хабарлайды. 2019 жылдың 18 наурызынан бастап Көлік бақылау инспекциясы, Май ауданы жергілікті полиция қызметі және Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлескен профилактикалық рейдтік шаралар өткізіледі. Тіркеусіз жеке кәсіпкерлік қызметімен айналысқан жеке тұлғаларға 15 АЕК – 37875 теңге айыппұл қарастырылған. Кәсіпкер ретінде тіркелу бойынша туындаған сұрақтар бойынша 91854 нөмеріне хабарласыңыздар.

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala