Тауарларды таңбалауды енгізу тұтынушыларға тауарларды қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді

            Тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес әлемдегі өзекті проблемалардың бірі болып табылады.

            Тауарларды таңбалау және қадағалау саласындағы халықаралық жобалар әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан өзін көрсете білді және он жылдан астам уақыт пайдаланылуда.

            Қазақстан Республикасында тауарлардың заңсыз айналымының болуы азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ тұтастай алғанда ұлттық экономиканың дамуына теріс әсер етеді.

            Қойылған міндетті іске асырудың тиімді тетігі Қазақстанның сандық экономикасының маңызды құрамдас бөлігіне айналатын тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі болып табылады.

            Тауарлар айналымына қатысушылар үшін таңбалау жүйесіндегі жұмыс процесі өте қарапайым:

            - өндіруші жүйеде тіркеледі;

            - өз тауарларын бірыңғай каталогта тіркейді;

            - таңбалаудың сандық кодтарын шығаруға өтінімді қалыптастырады;

            - генерацияланған кодтар алады және өнім шығаруды тауарлардың орамындағы сандық кодтардың мөрімен бастайды.

            Сандық код-бұл жоғалту немесе жалған жасау мүмкін емес тауардың паспорты. Ол тауардың барлық жолын - өндіруші зауытынан соңғы тұтынушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді.

            Тауарды айналымға шығару таңбалау жүйесінде де, кәсіпорынның есеп жүйесімен интеграциялау арқылы да электрондық ілеспе құжаттарды қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

            Тауардың айналымы кезінде сандық код барлық тауарға ілеспе құжаттарда көрсетіледі, осының арқасында кез келген сәтте өндіруші, тауарға рұқсат беру құжаттары, тауардың жарамдылық мерзімі және т.б. ақпарат көруге болады.

Таңбаланған тауардың айналымнан шығуы оны бөлшек саудада өткізу кезінде онлайн-кассада болады.

            Мобильдік қосымша арқылы тұтынушылар тауар туралы шынайылықты оңай тексере алады және өзі мен жақындары үшін тек заңды өнімді сатып алу үшін тауар туралы барлық шындықты біле алады.

            Экспорт жағдайында тауардың сандық коды туралы ақпарат сатып алушыға тауар және оның өндірушісі туралы барлық ақпарат қолжетімді болатын басқа елге берілетін болады.

            Таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу:

            Тұтынушы үшін:

            - сапалы және заңды тауарларды сатып алу мүмкіндігі есебінен азаматтардың өмірі мен денсаулығының деңгейін арттыру;

            - тауарларды қоғамдық бақылау функцияларын жүзеге асыру.

            Бизнес үшін:

            - just in time жұмыс принципін енгізу есебінен шығындарды қысқарту (дәл мерзімінде);

            - нарықтағы заңсыз өнімді алмастыру есебінен пайданы арттыру;

            - адал өндірушінің брендін қорғау.

            Мемлекет үшін:

            - көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету;

            - бюджетке түсімдердің өсуі.

            Тауарларды таңбалау жүйесі-Қазақстанның сандық экономикасын дамыту жолындағы маңызды кезеңдердің бірі, ол қазақстандық өнім өндірушілерді қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ контрафактілік өнімнің тұтынушыға қол жеткізуіне елеулі тосқауыл қояды.

                                                                                  Май ауданы бойынша

                                                                                  Мемлекеттік кірістер басқармасының

                                                                                  салықты әкімшілендіру бөлімінің

                                                                                  бас маманы

                                                                                  Ф.Қ. Арынғазина

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala