Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды мен қылмыстар жасауға мүмкіндік беруші жағдайларды жою жөніндегі бір қатар іс-шаралар әзірленген және орындалуда.

Осы іс-шаралардың негізгі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жалпы ұлттық бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен Ұлттық баяндаманы және 2019-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша үнемі жұмыс жүргізуледі.

Сонымен қатар, стратегиялық бағыттардың өзге мемлекеттік кірістер органдары сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтары мен қылмыстар жасауға мүмкіндік беруші жағдайларды жою жөнінде превентивтік іс-шаралар кешенін әзірледі.

Мемлекеттік кірістер басқармасындағы қызметкерлерінің стендтерде кез-келген құқыққа қарсы әрекеттері туралы хабарлама жіберуге болатын электрондық мекенжайлар орналастырылған, кез келген құқыққа қарсы әрекеттер туралы хабарламаларды сақтайтын автоматтық жазу функциясы бар сенім телефоны жұмыс істейді.

Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратында, есеп-қисап қабылдау Орталығында, арыздар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер мен кітаптар орнатылған және орналастырылған, салық салу саласындағы құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұлдарының сомасы туралы ақпараттары бар кестелер бар.

Облыстық мемлекеттік кірістер органдары жалпы, және жекелеген жағдайда Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік кірістер қызметі органдарының қызметкерлері тарапынан болған дөрекілікті, сыйламаушылық және немқұрайлы көзқарасты жоюға бағытталған тиісті күш-жігерін жұмсайды және практикалық іс-шараларды жүзеге асырады. Осы мақсатта салық төлеушілердің пікірі, оның ішінде мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігіне мониторинг жүргізу үшін арнайы әзірленген салық төлеушінің болу карточкасында көрсетілген мәліметтерді, «сенім телефоны» нөміріне 8(71838)91854 келіп түскен дабылдарды, қызмет көрсету мәселесі жөніндегі ауызына және жазбаша өтініштерді, арыздар мен ұсыныстар кітабындағы мемлекеттік қызмет ұсыну жөніндегі көкейкесті мәселелер бойынша пікірлерді талдау жолымен зерделенеді.

Бұндай алдын-алу жұмыстары кешенінің түпкілікті мақсаты мемлекеттік қызметші деген жоғары атақты адал алып жүретін және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға қабілетті, құзырлы жауапты мамандар қалыптастыру болып табылады.

                                                

Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасы салықты әкімшілендіру

бөлімінің бас маманы Ж.Дүйсекина

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala